АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Таңғы уақыттан мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары апталықты әсем әнмен бастады. «Өшпес із, өлмес мұра қалдырған…» деп аталатын апталық 31-қаңтарға дейін жалғасады. Сондай-ақ, бүгін кітапханада Абайдың кітап көрмесінің ашылуы болып өтті.
*
Алда жоспарға сәйкес, 27 қаңтар — «Қазақ елінің ұлы баласы» атты қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылға арналған әдеби кеш өтеді.
*
28 қаңтар — «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты Абай ізбасарларының ақындық сайысы өтеді. Сонымен қатар, жатақхана тәрбиешілері ұйымдастыратын ата-аналардың қатысуымен «Абай жолы» деп аталатын сахналық қойылым көрсетіледі.
*
29 қаңтар — «Абайды оқы, ерінбе!» яғни бұл күнді мектебіміздің оқушылары Абай өлеңдері мен шығармаларын оқуға арнайды. Сондай-ақ, «Көңілім әнді ұғады» Абай мен Шәкәрім әндерін орындаудан сайыс өтеді.
*
30 қаңтар күні — «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрім шығармаларынан эссе байқауы өтеді.
*
31 қаңтар — апталықтың жабылуы яғни марапаттау сәті өтеді. «Көрейік, талқылайық!» Абай жайлы деректі фильмін талқылау болады.