Убайдуллаев Азизбекті Нью-Йорк университеті шақыруда!

12 “В” сыныбының оқушысы Убайдуллаев Азизбек Нью-Йорк университетінің грантына ие болды. Ол ендігі оқу жылынан Нью-Йорк қаласында Global liberal studies бағдарламасы бойынша білім алмақ.
Әлемнің үздік университетіне түскен Азизбек АҚШ мектептеріндегі білім жүйесі өзгерек болғандықтан, құжат тапсыру барысында эссеге аса мән аударғанын айтады. Дарынды оқушы академиялық білім жетістіктерін ғана емес, өзінің шахмат пен баскетболға қызығатынын да жазып өткен.
Азизбек өзін болашақта саяси аналитик ретінді көреді.
– Саяси аналитик негізінен басқару процестерімен, дәлірек айтқанда экономикаға немесе әлеуметтік салаға қатысты басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етумен айналысады. Мен халықаралық қатынастар факультетіне түскендіктен, болашақта Қазақстанның атынан басқа елдермен саяси келіссөздер жүргізетін боламын, – деп, сенімді түрде өз ойын жеткізді Азизбек.