АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Таңғы уақыттан мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары апталықты әсем әнмен бастады. “Өшпес із, өлмес мұра қалдырған…” деп аталатын апталық 31-қаңтарға дейін жалғасады. Сондай-ақ, бүгін кітапханада Абайдың кітап көрмесінің ашылуы болып өтті.
*
Алда жоспарға сәйкес, 27 қаңтар – “Қазақ елінің ұлы баласы” атты қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылға арналған әдеби кеш өтеді.
*
28 қаңтар – “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” атты Абай ізбасарларының ақындық сайысы өтеді. Сонымен қатар, жатақхана тәрбиешілері ұйымдастыратын ата-аналардың қатысуымен “Абай жолы” деп аталатын сахналық қойылым көрсетіледі.
*
29 қаңтар – “Абайды оқы, ерінбе!” яғни бұл күнді мектебіміздің оқушылары Абай өлеңдері мен шығармаларын оқуға арнайды. Сондай-ақ, “Көңілім әнді ұғады” Абай мен Шәкәрім әндерін орындаудан сайыс өтеді.
*
30 қаңтар күні – “Ұлылар әлемі” Абай мен Шәкәрім шығармаларынан эссе байқауы өтеді.
*
31 қаңтар – апталықтың жабылуы яғни марапаттау сәті өтеді. “Көрейік, талқылайық!” Абай жайлы деректі фильмін талқылау болады.