“Ашық есік күні” 7 сыныптарға

  

Мектеп өмірі мен дәстүрлі NIS жобаларымен таныстыру, алғашқы мектеп күнін ұмытылмастай қызықты өткізу мақсатында 7 сынып оқушылары үшін “Ашық есік күні” өтті.

146 жаңа оқушы мектеп өміріне қыркүйектен араласа бастағанымен, алғаш рет мектепті көріп, аралауы – бүгін ғана. Көздері бал-бұл жайнаған оқушыларымызға NIS атрибуттары – шарф пен төсбелгі табысталды.

Салтанатты шарада мектеп директоры Қаракөз Ізбасарқызы оқушыларға сәттілік тілеп, оқуда мол табыстарға жету жолында мектептің барша мүмкіндіктер сыйлайтынын айтты.
Мектеп психологтары “Топаралық қарым-қатынасты қалыптастыру”, кітапханашылар “НЗМ оқушылары оқуы тиіс 100 кітап” жобасы аясында “Кел, балалар, оқылық!” тренингілерін өткізсе, мектеп дәрігер-педиатры Маржан Мухангалиева мен техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер Азиз Ибрагимов пандемия уақытындағы сақтық шаралары мен техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Кураторлар Әйгерім Тлегенова, Александр Сахненко және Мәдина Сарсенова мектеп жобаларына қысқаша шолу жасап, өнер пәні мұғалімдері “Менің мектебім” атты сурет салу шеберлік сағатын өткізді.