Ата-аналарға

1.             Жалпы ақпарат

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің жүйесі Cito (Педагогикалық өлшеулер институты, Нидерланд) және СTY (Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығымен, АҚШ) бірлесіп жасалды, ол 2013 жылдан жұмыс істеп келеді.

Аталған жүйенің ерекшелігі оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеру қабілеттерін анықтау мүмкіндігі болып табылады, олар:

– NIS-Бағдарламасының мазмұнын тиімді меңгеруге;

– кең ауқымды дағдыларды дамытуға және мектептегі барлық оқу кезеңінде табысты болуға;

– академиялық білім мен пәндік салалардың көптеген аясында күнделікті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

2.             Конкурстық іріктеу тесті өз кезегінде нелерді ұсынады?

 

Конкурстық іріктеу 2 тестен тұрады: пәндік тест және қабілеттілікті анықтау тесті

Пәндік тест математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қатысты тест тапсырмаларынан тұрады.

Мазмұндық жоспарда математика бойынша міндеттер білім деңгейін анықтауға, оларды қолдану қабілетін және сызбалармен, графиктермен және диаграммалармен жұмысын бағалау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталған.

Тілдер бойынша тапсырмалар сауаттылықты және тілдік құзыреттілікті өлшеуге бағытталған.

Қабілеттілікті анықтау тесті оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгеру қабілетін анықтауға, сондай-ақ олардың қабілеттерінің әртүрлі деңгейлерін ескере отырып, дифференциалды білім беруді ұйымдастыруға және жеке даму траекториясын анықтауға мүмкіндік береді. Қабілеттілікті анықтау тесті екі бөлімнен тұрады:

  • «Сандық сипаттамалар» бөлімі сандық сипаттамалармен жұмыс жасау қабілеттерін анықтауға, яғни сандармен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.
  • «Кеңістікте ойлау» бөлімі үш өлшемді кеңістікте, яғни дерексіз логикалық ойлау қабілетін анықтауға бағытталған.

2017-2018 оқу жылына арналған  мектепішілік ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары

Миссия школы:

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде  сапалы білім берумен қатар өз бойына құндылықтарды, сыни  тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырған және салауатты өмір салтын ұстана отырып, Қазақстан және әлемдік қоғамдастық игілігі үшін  өзін-өзі  дамыта алатын  зияткер жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мақсаты:

Мектеп пен жанұя қауымдастығына оқушылардың негізгі білім алуына, өз еліне қызмет ететін, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, мәденитаралық түсіністікті насихаттайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуде қолдау көрсету.

 

Басым міндеттер:

  • мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасында ынтымақтастықты дамыту;
  • мектеп беделін ата-аналардың мақалалары мен пікірлерін БАҚ-да жариялау арқылы көтеру;
  • аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Зияткерлік мектеп басшылығына:
  • мектептің материалды-техникалық базасын күшейтуге, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, білім беру үрдісін жетілдіруге, жалпы мектептік оқу-тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсету.

 

Күтілетін нәтиже:

  • мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасында өзара байланыс нығаяды;
  • ата-аналардың мектеп өміріне қатысу деңгейі жоғарылайды;
  • мектеп беделі артады;
  • мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен нәтижелілігіне ата-аналардың қанағаттану деңгейі жоғарылайды;
  • аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетіледі.

3.               Нәтижелер неге 40 күннен кейін белгілі болады?

Балдар тестілеуден 40 күн өткеннен кейін сайтта жарияланады. Мұндай ұзақтық жауап парақтарын сканерлеуге, нәтижелерді халықаралық стандарттарға сәйкес психометриялық өңдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезінде психометриялық талдау пайдаланылады, бұл сұрақтардың сапасын бағалауға, опциондар бойынша олардың күрделілігінің деңгейін анықтауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Сапасы төмен сұрақтар тест тапсырмаларының базасынан және апелляциясыз барлық үміткерлерге тең жағдайларды қамтамасыз ететін барлық сынақ субъектілері үшін нәтижелерді есептеу автоматты түрде шығарылады.

Конкурстық іріктеу үдерісінің нәтижелері Нидерландыдағы Cito педагогикалық өлшеулер орталығында өңделеді.

4.               Грант тағайындау конкурсына кімдер қатыса алады? 

Конкурсқа 24.05.2013 жылдың №515 ҚРҮБ 9-бабына сәйкес:

  • пәндік тестің математика бөлімінде максималды мүмкін балдың 35 % және одан жоғары балл жинаған;
  • қабілеттілікті анықтау тестінің сандық сипаттамалар бөлімінде максималды мүмкін балдың 40 % және одан жоғары балл жинаған үміткерлер қатысады.

Сәйкесінше, бұл үміткерлер:

  • математикадан 140 балл және одан жоғары;
  • сандық сипаттамалардан 24 балл және одан жоғары балл жинаған. 
  1. Грант қалай тағайындалады? 

7-сыныпта оқу үшін үміткерлерге грант тағайындау тәртібі стратегиялық серіктестермен бірлесе үміткерлердің нәтижелерін саралау арқылы құрастырылды. (Кесте)

Грантқа конкурс бойынша саралау
1 Пәндік тестер бойынша

жалпы жоғары балл

2 Математикадан жоғары бал
3 Қабілеттілікті анықтау

тестінен жоғары балл

24.05.2013 жылдың №515 ҚРҮБ 10-бабына сәйкес Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқу үшін нақты мектепке бөлінген бос орындар шегінде грант Республикалық комиссия шешімімен келесі үміткерлерге тағайындалады:

  • пәндік тест бойынша жалпы жоғары балл жинаған үміткерлер;
  • пәндік тест бойынша жалпы балл тең болған жағдайда математикадан барынша жоғары балл алған үміткерлерге артықшылық беріледі;
  • үміткерлердің математика бойынша балы тең дәрежеде болған жағдайда, қабілеттілікті анықтау тесті бойынша жоғары балл жинаған үміткерлерге артықшылық беріледі.

Ата-аналар мен оқушыларға арналған нұсқаулық 2017-2018 оқу жылы жүктеу

Ата-аналарға арналған жаднама «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың жауапкершілігі» жүктеу