Азизбек Убайдуллаев екінші американдық университеттен шақырту алды!

12 сынып оқушысы Азизбек Убайдуллаев АҚШ-та оқуға екінші шақыртуын алды! Бұл жолы барлық шығындарды өтейтін толық грант жөніндегі хат Кентуккидегі Berea College-ден келді.
Азизбек ‒ бұл университетке шақырту алған 24 шетелдік студенттің бірі. Жалпы оқуға түсуге тілек білдіруші талапкерлердің саны 700-ден асқан.
‒ Сіздің өтінішіңізбен мұқият танысқан соң, Berea College ‒ тамаша таңдау болады деп толық сеніммен айта аламыз, – делінген хатта.
Мектеп түлегі әлі де өзінің болашағын саясатта көретінін және Нью-Йорктегі Нью-Йорк университеті мен Кентуккидегі Berea College арасында таңдау жасап қойғанын айтты.