Ең үздік

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары

2017 жылдың 10 қазан күні Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде барлық пәндер бойынша 9,10 және 11-сынып оқушылары арасында жыл сайынғы Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Аталған іс-шараға 201 оқушы қатысып бақтарын сынады. Мектепішілік кезеңнің І,ІІ және ІІІ орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталып, І орын иегерлеріне олимпиаданың келесі кезеңіне өтуге жолдама берілді.

(І орын иегерлері):

Оқушының аты-жөні

Сыныбы Пәні Орын Пән мұғалімі
1 Ислам Жанеля Ағылшын тілі І Шарипхазина Ж.К.
2 Тулепова Алия 10Е Ағылшын тілі І Смекалина Т.Ю.
3 Жүсіпханов Рахат 11В Ағылшын тілі І Айжанова Г.Т.
4 Ибадуллаев Азизбек Биология І Джунусбаева Г.А.
5 Юртаева Есения 10Е Биология І Толтебаева Ж.С.
6 Аллаярова Майя 11С Биология І Шаманова О.Р.
7 Джамбулатова Альбина География І Cултанбаев Н.М.
8 Абдрахманов Дінмұхаммед 10Е География І Сахова К.Қ.
9 Абдухамитова Асем 10Е География І Султанбаев Н.М.
10 Нурманов Қазыбек 11А География І Сейдуалиев Ө.К.
11 Ақжол Ернұр 11А Информатика І Баймусаев Ш.С.
12 Түркебай Назым Қазақ тілі мен әдебиеті І Үсен А.М.
13 Жарқынбек Нұрасыл 10G Қазақ тілі мен әдебиеті І Дүйсебай Б.О.
14 Абдумәлік Аяжан 11А Қазақ тілі мен әдебиеті І Дүйсебай Б.О.
15 Асанбаев Давлат Қазақ тілі мен әдебиеті І Үсен А.М.
16 Султанмуратов Шохзод 10Е Қазақ тілі мен әдебиеті І Турлыбекова С.К.
17 Ильхомжанов Руфат 11D Қазақ тілі мен әдебиеті І Тулегенов М.Б.
18 Ғалымжанқызы Анел 10D Қазақстан тарихы I Жамелов Б.А.
19 Тұрмахан Диана 11В Қазақстан тарихы І Әміртай Э.Т.
20 Тұрлыби Айкүміс 9D Қазақстан тарихы І Сүлейменова Г.М
21 Зиябек Назым 11В Құқық І Сүлейменова Г.М
22 Жандарбек Жәңгірхан 10В Құқық І Сүлейменова Г.М
23 Мүсәлі Айжігіт 11В Математика І Кадырбеков А.С.
24 Тоганбай Нуртау 10Е Математика І Расулов Н.Б.
25 Джанаев Виктор 9D Математика І Расулов Н.Б.
26 Сейітқасым Сымбат Орыс тілі және әдебиеті І Ханхожаев Б.К.
27 Абдрахманкызы Нурай 10В Орыс тілі және әдебиеті І Ермекбаева А.Т.
28 Зайырбек Аксапар 11А Орыс тілі және әдебиеті І Петухова Т.В.
29 Нұрғазы Дінмұхаммет Химия І Контаев Е.Н.
30 Шевченко Егор 10E Химия І Козловская Э.Р.
31 Алдияров Зинедин 11С Химия І Харисова А.Р.

2013 – 2016  оқу жылдарында  Анварова Зарина өзін барлық жақсы жағынан көрсете білді. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен  жалпы білім  беру пәндері олимпиадасында 1 орын иеленген.


2014-15 оқу жылында Амирен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында оқушылар мен студенттер арасында тарих пәнінен өткен «Жаңа ұрпақтар» олимпиадасына қатысты. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Славян мәдени орталығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім бөлімі болып табылады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бұл олимпиада төртінші рет өтіп жатыр және оған қатысушы оқушылар мен студенттер саны 400-ге жетті.

Бас жүлде яғни Ресей қалаларын аралауға арналған жолдаманы Славян мәдени орталығының төрағасы Ю.Кирюхин Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Джантасов Амиренге тапсырды.


2013 – 2016  оқу жылдарында Серкебаев  Қайрат Есенбекұлы өзін барлық жақсы жағынан көрсете білді. Серкебаев Қайрат 2015 жылдың желтоқсан айының 22-жұлдызында Жаратылыстану пәндерінен  Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында желілік олимпиададаға қатысып жүлделі  ІІІ орынға ие болды.


Астана қаласында жыл сайын өтетін «Энергия пера» атты ІІ медиафорумға қатысқаны үшін диплом

«Менің Орталық коммуникациялар қызметіне жасаған саяхатым» атты Республикалық эссе сайсында  2-орын алғаны үшін диплом.


Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  2013-2014 оқу жылында 11 «Е» сынып оқушысы Усенов Айбар   «Қазақстан тарихы» пәнінен Республикалық олимпиадасына қатысып,  І орынға ие болды.

2014 жылы Коннектикутте штатында (АҚШ) South Kent School  оқу курсын өтті.

Айбар  EXPO 2017  тақырыбында  ең үздік Эссе номинациясының жеңімпазы болып, Миланға саяхатты иеленді.

2015 жылы Айбар барлық емтихандарды сәтті тапсырып, Назарбаев университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетіне оқуға түсті.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің Студенттерінің өзін-өзі басқару ұйымының вице-министрі, Vice Minister of Housing of Student Government of NU. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектер ассоциациясының төрайымы.


Байтоқсан Лаззат Тарасқызы

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі

 Лаззат 2013 жылы  Барселона қаласында өткен «Зияткерлік марафон» халықаралық олимпиадасына қатысты.  2014 жылы Канаданың Торонто қаласында өткен «Механикалық инженерия: имплатация және протездеу»  жаздық академиясының қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінен республикалық олимпиадасында да өз білімін көрсете білді.  Лаззат мектепті  өте жақсы деген бағамен бітіріп, 125 балдық сертификат алды. Халықаралық  IELTS емтиханынан 7,5 балл жинап, қазіргі уақытта Гонконг политехникалық университетінің менеджмент факультетінде грант негізінде білім алып жатыр.

Обучалась в школе с 18 февраля 2013 года.  В том же  году участвовала в международной олимпиаде «Интеллектуальный марафон» (г.Барселона),  участница  летней академии «Механическая инженерия: инпланты и протезирование», (г.Торонто, Канада, 2014 г.,3-место), Республиканской олимпиады по английскому языку, 2014 г. Обладательница гранта на обучение в Гонконгском политехническом университете.

У Лаззат очень хороши результат IELTS 7.5.


Бағдаулет 5-сыныптан бастап  өзінің логикалық ойлау қабілетінің арқасында математика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді.

2013 жылы сәуір айында Болгарияда математика пәнінен өткен халықаралық «Ум, Белият Делфин» атты байқауда 1 орынды иемденді.


Қасымжомарттың техникалық пәндердің ішінде физика пәніне қызығушылығы басым. Бос уақытында өз бетінше  көп ізденеді. 2015 жылы желтоқсан айында ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының    ұйымдастыруымен өткен «Жас өнертапқыш» байқауында командалық жобамен   бас жүлдені жеңіп алып алды.


Айгерім мектепке келген алғашқы күндерден бастап өзінің алғырлығымен, ізденімпаздығымен, кез-келген іске үлкен жауапкершілікпен қарайтындығымен көзге түсті. Пән мұғалімдерінің жетекшілігімен мектепішілік, онлайн олимпиадаларға қатысып жүр.

2015 жылы желтоқсан айында ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының    ұйымдастыруымен өткен «Жас өнертапқыш» байқауында командалық жобамен 2 орынды иеленді.


Ақмарал  ән салатын, өлең шығаратын, әңгіме жазатын қабілеті бар сыныптағы ерекше оқушының бірі. Туындылары мектептің «Жасын» журналына шығып тұрады. Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы бойынша интернет-олимпиадаларға қатысып, үнемі ізденісте жүреді.

2015 жылы қаңтар айында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында гуманитарлық  пәндерден өткен желілік олимпиадада 2 орынды иеленіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды.


Жақсылық Қазақша Уикипедия сайтында ерен еңбек еткені, Уикипедия бетіндегі ерекше белсенділігі, 500-ден аса жаңа мақалалар енгізгені және мақалалар сапасын жақсы деңгейге көтергені үшін «Алтын қалам» марапаттамасына ие болды.

Жақсылық бұған дейін де Уикипедия жобасы аясында мақаласын жазғаны үшін «Жақсы мақала» марапатына, Қазақша Уикипедия жобасы аясындағы бірқатар еңбектері үшін, атап айтқанда, жақсы, сапалы мақалалар жазбаққа деген ынтасы, сонымен қатар басталмаған беттерді азайту аясындағы бастамалары үшін «Қазақша уикипедиясының еңбеккері» марапаттарына да ие болған.

Қазақша Уикипедия жобасында аса белсенділік көрсеткені үшін, «Белсенді жаңа қатысушы» марапаттамасына ие болған Жақсылық бүгінде 531 мақала жазып, 3000-нан астам мақаланы өңдеп, Құмтүлек (2 500+) уикидеңгейіне жетіп отыр.


Жасанов Мұхаммед 12 «D» сынып оқушысы

  • 2014 жылы жыл сайын математика пәнінен өтетін «Новосибирск» олимпиадасына қатысып жетістікке жетті. Аталған олимпиада да 30 ұпайдан 30 жинап, I орын иегері атанып сыйлық ретінде 2000 АҚШ долларын жеңіп алды.
  • 2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде «математика» пәнінен ІІ орын иеленді.

 

2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер Республикалық олимпиаданың І кезеңінде «Қазақ тілі» пәнінен ІІ орын иеленді.


 

 2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер Республикалық олимпиаданың І кезеңінде «орыс тілі» пәнінен І орын иеленді.


2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер Республикалық олимпиаданың І кезеңінде «орыс тілі» пәнінен І орын иеленді.


Әбдіраш Мұратхан Исембиұлы Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Алтын белгі” түлегі. 2013-2014 оқу жылында Шымкент қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде математика пәнінен ІІІ орын иеленді

2014-2015 оқу жылының 11-13 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен  «International Conference on Analysis and Applied Mathematics (ICAAM)» атты конференцияға қатысып, математика ғылымы жөнінде ғалым-профессорлардың баяндамаларын тыңдап, ғылым саласындағы жаңалықтар мен ақпараттарды бойына жинап, сертификатпен марапатталды.

2014-2015 оқу жылының 2-5 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ҮІІ Президенттік  олимпиаданың жеңімпазы, І дәрежелі дипломның иегері атанып, алтын медальді жеңіп алды.Сондай-ақ осы оқу жылының 13 желтоқсанында  Мұратхан ағылшын тілі пәнінен тапсырған IELTS емтиханынан ең жоғары 7,5 баллды иемденіп, үздік нәтиже көрсетті.

2014-2015 оқу жылының ақпан айының 15 жұлдызында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен физика, математика пәндері бойынша SЕT емтиханынан ең максималды 800 балды жинап (екі пәннің нәтижесін қосқанда 1600 балл), 100 пайыздық көрсеткішті көрсете келе, Назарбаев университетінің «Direct»бағдарламасы бойынша 1 курсына инженерия мектебінің “электротехникалық және электрондық инженерия”  мамандығына оқуға түсті.  Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде де өзінің білімімен үздік студент атанып келеді.


Құдрет Төребек Жалғасұлы 2014 жылдың 28 қыркүйек күні Астана қаласында өткен Республикалық робототехника бойынша І желілік жарыста 2 орын иегері атанып, мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында  Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған  “Уақытқа бағынбайтын естелік ” көрме байқауының ынталандыру сыйлығына ие болды. 2015 жылдың 16-23 қыркүйек күні аралығында Қостанай қаласында өткен робототехника бойынша І желілік жарыста  2 орынға табан тіреді.


Жолдыбай Дінмұханбет Талғатұлы 2014 жылдың 28 қыркүйек күні Астана қаласында өткен Республикалық робототехника бойынша І желілік жарыста 3 орын иегері атанды. Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында  Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған  “Уақытқа бағынбайтын естелік ” көрме байқауының ынталандыру сыйлығына ие болды. 2015 жылдың 16-23 қыркүйек күні аралығында Қостанай қаласында өткен робототехника бойынша І желілік жарыста  2 орын алып, мақтау қағазымен марапатталды.


 Амангелді Әсел Әділетқызы қарашаның 28 жұлдызында Халықаралық “Эргономика Будущего” атты  энергия сақтауға бағытталған конкурста “Альтернативті энергия жүйесін түрмыстық қызметке пайдалану” тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 1 орын иеленді. Математика пәнінен Новосибирск олимпиадасының 2 кезеңінен де өтіп, 2015 жылы жазғы мектепке жеңілдікпен оқуға шақырылды. 2014-2015 оқу жылында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде математика пәнінен ІІІ орын иеленді.


Асан Нұрсауле Ұлықбекқызы 2015-2016 оқу жылында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде қазақ тілі пәнінен І орын иеленді.


Кульманбетова Аида Уктамовна 2015-2016 оқу жылында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде орыс тілі пәнінен І орын иеленді.

Дарын Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2015 жылдың желтоқсан айында өткізілген ағылшын тілі секциясы бойынша олимпиадасынан 83/120балл(өту ұпайы 60 балл)