Мектепке түсу

Конкурс барысындағы үміткердің тәртіп ережесі

Конкурс барысында үміткерге келесілерге тыйым салынады:

  • тесттерін ауыстыруға, біреуден көшіруге;
  • шпаргалкадан көшіруге және/немесе шпаргалканы, ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, аудармаларды, сызғыш, қаламсауытын, сонымен қатар басқа анықтамалық ақпараты бар құрылғыларды пайдалануға;
  • ұялы телефондар, смарт-сағат және басқа гаджеттер, калькулятор басқа да ақпараттық-есептеуіш құралдарды алуға/қолдануға;
  • жауап парағын уақыт өткен соң толтыруға, жауап парағын, тест жинағын аудиториядан алып шығуға.

Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда комиссия төрағасы тест үйлестірушісімен бірге үміткердің қатысуымен акт жасап үміткерді тест аудиториясынан шығарады. Үміткердің тест нәтижесі күшін жояды.

Сонымен қатар үміткерге келесіге тыйым салынады:

  • рұқсатсыз және ертіп жүрусіз аудиториядан шығуға, басқа үміткерлермен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
  • жауап парағын шарлы қара қаламнан басқа гельді және басқа да сиялармен толтыруға, қарындаш пен түзету сұйықтықтарын қолдануға;
  • бір тапсырмада екі және одан да көп жауап бояуға, жауапты толық боямауға (толық боямаған жағдайда немесе бір тапсырмаға бір жауаптан көп жауап боялса жауап есептелмейді);
  • жауап парағында жауаптарды сызуға, жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға, жауап парағын шимайбет ретінде қолдануға, оған жазуға, тиісті секторларынан басқа парақтың бос жерлерін сызуға;
  • рұқсат қағазын шимайбет ретінде пайдалануға. 

Конкурсты өткізу шарттары:

  • үміткер тест күндері уақытылы тіркеуден өткен соң тестке жіберіледі;
  • тіркеуге кешіккен үміткер тест тапсыруға жіберілмейді;
  • тесттің бірінші күні болмаған үміткер екінші күні тестке жіберілмейді;
  • тест аудиториясы мен отырғызу орны автоматты түрде бағдарламалық қамту арқылы жүзеге асырылады және 120 үміткерге дейін сыйдыра алады;
  • үміткерлер үшін тестті орындау жөнінде видеонұсқау жүргізіледі, нұсқаулық мәтіні емтихандық материалдарда қайталанады;
  • мектептің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты үміткерлерді тестілеудің онлайн-таратылуы жүзеге асырылады. 

Конкурс нәтижелерін тексеру шарттары:

Үміткерлердің кешенді тестілеулер нәтижелерін тексеру мен бағалау үміткерлер жауаптарының нәтижелерін аппеляция жүргізбей автоматтандырылған статистикалық өңдеу әдісімен шетелдік мекемелермен жүзеге асырылады.          Үміткерлердің жауаптары жауап парағынан есептеледі, тесттер жинағы қарастырылмайды. Тест нәтижелері соңғы кешенді тест өткен күннен бастап 40 күнтізбелік күннен кейін жарияланады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін оқушыларды конкурстық негізде іріктеу туралы ақпарат


 Конкурстық негізде іріктеу екі күн ішінде өткізілетін екі кешенді тестілеуден тұрады.

Тестілеудің бірінші күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін бағалау бойынша «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдерінен тест өткізіледі.

Тестілеудің екінші күні қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша Тілдік тест өткізіледі.

Барлық үміткерлер екі тестті тапсырады. Тест қағаз түрінде жүргізіледі.

Тест тапсырмаларының саны және тестті орындау уақыты

1-күн 2-күн
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттерін бағалау тесті Тілдік тест
Бөлім Тапсырмалар саны Тестілеу уақыты* Пән Тапсырмалар саны Тестілеу уақыты*
1 Математика 40 60 минут 1 Қазақ тілі 20 120 минут
2 Сандық сипаттамалар 60 30 минут 2 Орыс тілі 20
3 Ағылшын тілі 20
Барлығы 100 90 минут Барлығы 60 120 минут

*Тест материалдарын таратуға, аудиториядағы тәртіп ережесін түсіндіруге арналған уақыт көрсетілген тестілеу уақытына кірмейді.

 

ЖАУАП ПАРАҚТАРЫ ҚАРА СИЯЛЫ ҚАЛАММЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫ!

Назар аударыңыз!

Конкурс кезінде тыйым салынады:

• тест кітапшаларымен алмасуға, көшіруге;

• шпаргалка, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздіктер, сызғыштар, қаламсауыттар, сондай-ақ тағы басқа ақпараттық-анықтамалық құралдарды өзімен бірге алуға/пайдалануға;

• ұялы телефондар, смарт-сағаттар, калькуляторлар және тағы басқа ақпараттық-есептеуіш құрылғыларды өзімен бірге алуға/қолдануға;

• уақыт аяқталғаннан кейін жауап парағын толтыруға, жауап парағын, тест жинағын аудиториядан алып шығуға;

Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда комиссия Төрағасы тест координаторымен бірлесе үміткердің көзінше акт жасайды және үміткерді тестілеу аудиториясынан шығарады. Сонымен қатар үміткердің нәтижелері жойылады.

Сондай-ақ Үміткерге:

• басқа үміткерлермен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;

• жауап парақтарын қара сиялы қаламсаптан басқа гелді және басқа сияның түрлерімен толтыруға, қарындаштар мен түзетуші сұйықтықты пайдалануға тыйым салынады;

• бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауапты бояуға, жауапты толық боямауға  (толық боялмаған немесе бір тапсырмада бір жауаптан артық боялған жағдайда жауап есептелмейді);

• жауап парақтарында жауаптарды сызуға, жауап парақтарын былғауға, бүктеуге, жыртуға, жауап парағын шимай қағазы ретінде пайдалануға, жауап парағында тиісті секторлардан басқа бос орындарға жазуға болмайды;

• рұқсатнаманы шимай қағазы ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

 

Тестілеу нәтижелерін өңдеу рәсімі

Тест нәтижелерін өңдеуді Нидерландыда Cito үміткерлердің нәтижелерін автоматтандырылған статистикалық және психометриялық талдау арқылы жүзеге асырады, бұл әр тапсырманың күрделілігінің деңгейін анықтайды және тест бөлімі үшін қорытынды бал бойынша олардың үлесін есептейді. Бұл әдіс нәтижелерді объективті және шынайы бағалауды қамтамасыз етеді, сондықтан апелляция өткізілмейді.

Нәтижелері туралы хабарлау

Тестілеу нәтижелері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында және тестілеу өткізілген ғимаратта тестілеудің екінші күні аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін ілінеді.

Конкурстық іріктеуді өткізудің тәртібі, тест тапсырмаларының үлгілері және жауап парақтары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтынан алуға болады («Үміткерлерге» бөлімі).

Кіріспе

Қазақстанда тәжірибелік алаң ретінде заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бақылау, зерттеу, талдау, апробациялау және енгізуді жүзеге асыратын 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.

2016 жылдан бастап Зияткерлік мектептердің тәжірибесі Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне таратылуда. Зияткерлік мектептер білім беру мазмұнын жаңартудың әдістемелік ресурстық орталыққа айналды.

Оқушыларды Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына қабылдаудың конкурстық іріктеу жүйесі 2013 жылы Cito Педагогикалық өлшеулер институты, Нидерланд және Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды Жастар орталығы (CTY), АҚШ стратегиялық серіктестерімен бірлесе отырып, Ұлыбритания, Аустралия, АҚШ және Нидерландының халықаралық тәжірибелерін зерделеу негізінде құрастырылды.

Бұл жүйенің ерекшелігі оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтауға, яғни:

– NIS-Programme мазмұнын тиімді меңгеруге;

– кең ауқымды дағдыларды дамытуға және Зияткерлік мектепте оқу барысында жетістікке жетуге;

– көптеген академиялық білім беру салаларындағы қолданбалы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

2019 жылдан бастап конкурстық іріктеуге жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқитын 6-сынып оқушылары қатысады. Осыған байланысты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің конкурстық іріктеу мазмұны мен форматы қайта қарастырылуы қажет.

Конкурстық іріктеудің жаңа форматы 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастайды.


Конкурстық іріктеу тестілеуін өткізудің шарттары

Конкурстық іріктеудің тестілеуі екі күн ішінде Зияткерлік мектептер базасында жазбаша тестілеу форматында өткізіледі.

Үміткерлерге Зияткерлік мектепке белгіленген уақытта рұқсатнамамен, қара сиялы қаламмен келу керек, өзімен бірге жапсырмасы жоқ бір бөтелке су алып кіруге болады.

Үміткерлер тестілеу күндерінде уақытылы тіркелгеннен тестілеуге кейін жіберіледі. Тіркелуге кешігіп келген үміткер тестілеу тапсыруға жіберілмейді. Тестілеудің бірінші күніне қатыспаған үміткер екінші күніне жіберілмейді.

Тестілеу аудиториясы және үміткердің орыны бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы автоматты түрде анықталады және 120-ға дейін үміткерлерді сыйғыза алады.

Үміткерлерге тесті орындау үшін видеонұсқаулық жүргізіледі, нұсқаулықтың мәтіні емтихан материалдарында қайталанып жазылады.

Тестілеу үдерісі мүдделі тұлғалар үшін тестілеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн режимде көрсетіледі.