Мектеп құндылықтары

Өзіне және қоршаған ортаға құрмет: әлеуметтік бейімділік пен салауатты өмір салтын ұстануды талап етеді. Өз мәдениеті мен тілі секілді өзгелердің мәдениеті мен тіліне, құқығына, көзқарасына құрметті қамтиды.


Ынтымақтастық: жылы қарым-қатынасты дамытуды, ынтымақтастық және конструктивтік/сындарлы көзқарастың даму дағдыларын қалыптастыруды, өзара қарым-қатынасты орнатуда сыни тұрғыдан ойлана алуды қамтиды.


Жауапты азаматтық позиция: патриотизмге негізделген. Жауапты азаматтар шыншыл, конструктивті және белсенді болады. Олар қоғамның дамуына, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін тұтастыққа, сыни идеялар мен пікірдің әртүрлілігіне жұмыс жасайды, олар қазақ, орыс және шет тілдерінде сөйлейді.


Академиялық шыншылдық: академиялық шыншылдық қағидаларын ұстанатын, плагиат пен ақпаратты сілтемесіз көшіруге төзе алмайтын адамдардың идеясы мен ойларын сыйлау.


Өмір бойы оқу: материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру, ақыл-ойды, денені, қарым-қатынас пен мінезді үнемі жетілдіру. Оқушылардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз ететін икемділік пен дағдылардың дамуын қамтиды.


Ашықтық: Зияткерлік мектептерінің даму жоспары, оқытудың күтілетін нәтижелері мен бағалау рәсімі сияқты ақпараттарға еркін кіре алуды қамтамасыз етуді қамтиды. Сабақтарға қатысу (сыншы достар), сұхбат жүргізу, сауалнама алу.


Еңбек және шығармашылық: адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек қызметіне ынталандыруды арттыру, жеке және ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше іздену мен ақпараттың түпнұсқасын көрсету дағдыларын дамыту, өзекті мәселелердің шешімін дәстүрлі емес, шығармашыл тұрғыда табуға қабілетті болу.