Біз туралы БАҚ

Димаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледіДимаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледі

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 110 түлек аяқтады. Димаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бүгін еліміз бойынша барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Алайда 25 мамыр – мектеппен қоштасу сәтінің бұл жолғы жөні бөлек. Өйткені, түлектер карантин режимін сақтап, ақ бантик тағып, қоштасу вальсін билемеді. Есесіне олар жүрек тебірентер қимас сәтті көгілдір экран арқылы жеткізді, қашықтан бір –біріне ыстық лебізін білдірді.

http://ernur.kz/


Шымкенттік зияткер оқушы халықаралық бес оқу орнының грантын ұтып алды

Өйткені мектеп бітірушінің қабілеті мен қарымын жоғары бағалап, оның сапалы білім алуына мүмкіндік сыйлаған оқу орындары жартылай, толық негізде грант ұсынып отыр. Олар АҚШ, Пердью университеті (Purdue U), Дьюк Куншан университеті (Duke Kunshan U), Гонконг Политехникалық университеті (PolyU), Гонконг Қалалық университеті (CityU), Гонконг ғылым мен технология университеті (HKUST)

https://bilimdinews.kz/?p=104576&fbclid=IwAR3PkJlVZpq9uuvsFaUPTDA_Jac-sTNSGtjYhzU2y3-lzRYJnltzZiIdQ7c


Қош бол, алтын ұя зияткерлік мектебім!

Бойға жидық дәстүр менен мұраны,
Ойға жидық білім-ғылым тұмарын!
Қанат қағып, ұшқаннан соң биікке,
Ел мұраты болар енді ұраным!

Кейде қарсы келуші едік, біз, тіпті,
Өз басымыз болғандай бір кіршіксіз.
Ұстаз айтқан әр сөзіне мән беріп,
Қимай енді барамыз, біз, мектепті,
Жас түлекпіз қағар бүгін қанатын,
Күншуақтай жүрекке от жағатын.
Ұмытпаймыз қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіме мәңгі ұялап қалатын!
Аттап өтер өмір-жолдың өткелін,
Сағындырар мектептегі көктемім.
Тілекші боп тұрар енді, анамдай,
Аға-апайым, алтын ұя – мектебім!

Асылжан МЫРЗАХАН, 
Шымкент қаласы физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі 


 

Шымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алғанШымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алған.

Айым Ұлыбританияның Kings College оқу орнына түсуді жоспарлап отыр. Шымкенттік оқушы 4 бірдей халықаралық дәрежедегі оқу орнына шақырту алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Өміріндегі ең маңызды қадамы сәтті басталған Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 “В” сынып оқушысы Маханбет Айым Испанияның Альбасете қаласындағы University of Castilla-la-Mancha оқу орны, Италияның Пиза қаласындағы University of Pisa ,Түркияның Стамбул қаласындағы Kadir Has University атты оқу орны мен Ұлыбританияның Kings College атты жоғарғы оқу орындарында студенті атану мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Экономика, шет тілдері мен әдебиеті мамандықтарын таңдаған оқушы өз діттегеніне жету үшін бірнеше сынақ тапсырған.

толығырақ…


“Зияткерлік мектептерден үйренеріміз көп. Сондықтан болашақта жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары үшін көптеген ортақ жобаларды бастауды жоспарлап отырмыз”,- дейді Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы Жанат Арысбекқызы.

https://www.youtube.com/watch?v=72pfW-SJAsE&feature=share


Физика – математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы жаңа технологияны пайдалану арқылы ел дамуына қалай үлес қосуға болатынын баяндады.

http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/zhastardy-zhumyssyzdyk-zhaiy-alandatady


Шырайлы Шымкент шаһары туралы шығарма жазғандар туралы БАҚ беттерінде. Ішінде туған қаласын жақсы көретін, берерім көп әлі дейтін Шымкент қаласы ФМБ НЗМ-ң оқушысы да бар.

https://www.youtube.com/watch?v=SbMmSLrN49I&feature=share


Қуаныш Мәденнің байқауға ұсынған жобасы әлі ешқандай елде іске аспаған.  Сол себептен де, физика – математика бағытындағы Назарбаев мектебінің шәкірті ойлап тапқан технология республикалық білім додасында жүлдеге лайық деп танылды

http://shymkenttv.kz/kz/news/education_science/nurintech-baikauy-zhastarga-zhasalgan-mol-mumkindik


Енді оқушының туындысын өндірісте қолданатын күн алыс емес сияқты. Өйткені жүлде қаржысына роботты өндіріске дайындайтын жабдықтар сатып алынатын болады. Сонымен қатар роботты патенттеу жұмыстары да жүргізілуде.

https://kz.otyrar.kz/2017/06/shymkenttik-o%D2%9Bushy-1-million-te%D2%A3ge-syja%D2%9By%D2%93a-ie-boldy/


Жасотандықтар жас өнертапқыштарды іздейді

https://www.youtube.com/watch?v=-3zafK1fDvQ&feature=share


ҚАРАКӨЗ ӘБДІРАХМАНОВА – ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

  • Қазіргі бағдарлама бойынша балаларға біз көбінесе теориялық білім береміз. Бала оны өмірде қолдана алмайды. Көптеген оқыған пәндері өмірде керексіз болып қалып жатыр. ХХІ ғасыр дағдысына сәйкес, балалар практикалық түрде алған білімін қолданса, оның өмірге әлеуметтену процесі тез жүреді.

http://shymkenttv.kz/kz/news/education_science/endi-okushynyn-bilimin-synyptastary-bagalaidy?_utl_t=fb


Жаңартылған білім мазмұны. ФМБ НЗМ директорымен сұхбат

https://www.youtube.com/watch?v=8PWD9VXcvLA&feature=share


Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 14-15 тамыз күндері дәстүрлі республикалық тамыз конференциясының секциялық отырыстары ұйымдастырылды.

https://www.youtube.com/watch?v=H2CEMBPoO8I&feature=share


«Шымкент вело-қала» эко-вело фестивалі өңірімізде ерекше аталып өтті. Велошеруге химия-биология, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, ұстазадар қауымы, сондай-ақ, ата-аналар да қатысты.

https://www.youtube.com/watch?v=HTML092GIkk&feature=player_embedded


Республикалық конкурстық комиссия «Үздік педагог» атағын тағайындады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты хабарлады.
http://www.inform.kz/kz/uzdik-pedagog-atagy-berilgen-ustazdar-belgili-boldy_a3071334


Үздіктер Назарбаев орталығында (Астана қ.) «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің 13 қазанда өткен қорытынды ойынында анықталды.2-орынға Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы  Рахат Бейсенбек,  үшінші жүлдені Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еламан Лесов ие болды.

https://bnews.kz/kz/news/zhildin_en_bilimdi_okushisi_aniktaldi?_utl_t=fb


 Нұржігіт Ботабеков – физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі. Оның үш жылда жеткен жетістігіне кейбірі, он жылдап жете алмайды

 https://kz.otyrar.kz/2017/10/laboranttan-m%D2%B1%D2%93alimdikke-dejin/


Сондай-ақ Назарбаев зияткерлiк мектептерi арасында өткiзiлген республикалық «Жыл мұғалiмi – 2013» байқауында І орын иеленген. Бекжан Көмекбайұлын «Үздік педагог» атағымен құттықтап, сұхбаттасып қайтқан едік.

http://el.kz/kz/news/interv_u/bekzhan_kopbosinov


Күш атасы Қажымұхан бабамыздың немересі – Шаттық Қажымұхан бастап барған бәсекеде… тағы бір жерлесіміз Нұртілес Тынысбек қола медальді жеңіп алды.

http://shymkenttv.kz/kz/news/sport/karate-do-shotokannan-elem-chempiony-sofya-berulcova-elge-oraldy?_utl_t=fb