SAT халықаралық емтиханында жоғарғы балл!

 

Шымкент қаласындағы физика-математика бағыттағы NIS-тің 12-сынып оқушылары SAT халықаралық емтиханында жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.
Емтиханның басты қаһарманы 12 “А” сыныбының оқушысы — Әлихан Мадали. Ол SAT Reasoning бойынша бекітілген 1600 баллдан 1510 жинады. Бұдан бөлек, оның алдында тапсырған SAT Subject емтиханында математикадан ең максималды 800 және физика бойынша 800-ден 790 балл алған болатын. Мұндай жоғарғы көрсеткішке оқушы өзінің талмас еңбегі мен қатаң тәртіптің арқасында қол жеткізген.
— Емтиханға дайындықтың басты сәті деп карантиннің басталуын айтар едім. Барлығы ғаламторға көшкен сәттен бастап, бос уақытым көбейді. Фразаларды, ережелерді жаттап, сынақ емтихандарынан өттім. Өзімнің қатарластарымның емтиханға дайындық барысында әртүрлі курстарға барғанын көріп, уәждемем одан сайын артты. Өз күшіммен, сыртқы тараптың көмегінсіз жоғары баллды алуға болатындығын дәлелдегім келді, — деп бөлісті оқушы.
Сондай-ақ, отандық және шетелдік ЖОО-на түсу мүмкіндігін жоғарылатып, халықаралық емтиханда жоғарғы балл жинаған оқушылардың қатарында Камила Мұрат, Мағжан Төребек, Асылжан Алтай, Аружан Естимесова, Нұрай Жамбулатова, Мұхит Бердіқұл, Нұрлан Боранбай, Нұрай Каимова, Бекжан Аманбек, Айсұлтан Жангубек, Ғазиза Мәди, Жәнібек Омаров, Әлмен Төленді және Ерсұлтан Ерболат бар.