23 ақпан 2019 ж. күні Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ақпараттық технологиялар саласындағы «ІТ әлемінде» атты жобалар байқауы өткізіледі. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық м.а., «Элитный городок» 6-шы құрылыс. Тел.:8 (7252) 29 44 88, e-mail: info@fmsh.nis.edu.kz.
Байқауға қатысу өтінімдері, тезистер, авторлық материалдар ұйымдастыру комитетіне 22 ақпан 2019 ж. күннен кешіпей nisfmnsymkent@gmail.com электрондық почтасына қабылданады.
«ІТ әлемінде» атты жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
Осы Ереже ақпараттық технологиялар бойынша «ІТ әлемінде» атты жобалар байқауының (ары қарай – байқау) мәртебесін, міндеті мен өткізу тәртібін анықтайды.
- Байқауды жыл сайын Шымкент қаласының білім басқармасы мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырып, тұрақты өткізеді.
- Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ІТ саласына деген қызығушылығын арттыру; оқушылардың ІТ дағдылары мен ақпараттық құзіреттілігін дамыту, жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында коммуникативтік байланыстарды қалыптастыру.
- Байқау қатысушылары
1.Байқауға жалпы білім беру мектептерінің 9-11-сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға бір немесе бірнеше қатысушы (3 қатысушыдан артық емес) бір жоба жұмысымен қатыса алады.
2.Қатысушының өзімен бірге қажетті құрал-жабдықтары (баннер (паучок 1.8х0.8 м, автордың аты-жөні, мектептің атауы және жоба атауы), жоба жұмысының моделі, компьютерлік бағдарламасы, роботы, т. б.) мен ноутбуктері болуы қажет.
- Байқаудың жұмыс органы
1.Байқауды дайындау мен ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қаласының білім басқармасы мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымынының өкілдерінен құрылған ұйымдастыру комитеті дайындайды (қосымша 1).
2.Ұйымдастыру комитеті байқаудың жалпы тәртібін анықтайды:
- байқауға қатысуға үмікерлердің құжаттарын қабылдайды (өтініш, жұмыстың мәтіні, тезис);
- қатысушылар тізімі мен бағдарламаны бекітеді;
- қатысушылардың жобаларын белгіленген критерийлер арқылы бағалайды;
- байқау жүлдегерлерін марапаттайды;
- баспасөзде байқаудың өту барысы туралы жариялайды.
- Байқауды өткізу уақыты мен орны
1.Байқау 2019 жылдың 23 ақпанында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіледі. Байқауға қатысушыларды тіркеу 9.00-де басталады. Байқау сағат 10.00 – 14.00 аралығында өтеді.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық м.а., «Элитный городок» 6-шы құрылыс. Тел.:8 (7252) 29 44 88, e-mail: info@fmsh.nis.edu.kz
2.Байқауға қатысу өтініштері, тезистер мен авторлық материалдар 2019 жылдың 20 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің nisfmnsymkent@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі керек (қосымша 2).
Тіркеуден өткен жұмыстың авторына 2019 жылдың 21 ақпанына дейін электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.
Қосымша ақпараттарды келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
8(7252) 29-44-88, 8(775) 969-99-00, 8(702)463-43-23
5. Байқаудың секциялары:
- Бағдарламалау;
- Мобильдік бағдарлама;
- Робототехника;
- 3D модельдеу.
- «Бағдарламалау» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі мен практикада қолданылуы;
- Жобаның жаңашылдығы мен күрделігігі;
- Жобаны дайындауда әртүрлі бағдарламалау ортасы мен бағдарламалау тілін қолдануы;
- Алгоритмның күрделілігі мен шешу әдістері;
- Қолданушы интерфейстің сапасы;
- Бағдарламалау құрылымының күрделілігі.
- «Мобильдік қосымша» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
- Мобильдік қосымшаны әзірлеу: тақырыптың өзектілігі, жобаның әлеуметтік маңызы; біртұтастығы; идеясы мен мазмұнының креативтілігі;
- Жобаны қаматамасыз ететін ресурстардың жүзеге асырылуы мен шынайлығы;
- 10 беттен көп емес MS Word форматындағы мәтін, 5-тен көп емес JPG үлгісіндегі цифрлық сурет, 5-тен көп емес кесте, график, диаграммалар;
- Жобаны ұсыну әдебі.
- «Робототехника» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
- Тақырыпқа сәйкестігі мен тәжірибе жүзінде қолданылуы;
- Роботтың жұмыс істеу қабілеттілігі (Оқушының өзі құрастырған робот толықтыруды қажет етпейді);
- Жобаның креативтілігі;
- Роботтың дербес басқарылуы;
- Шешімнің жаңашылдығы.
- «3D модельдеу» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
- Тақырыптың өзектілігі;
- Орындалған модельдің сауаттылығы мен күрделілігі;
- Инженерлік зерттеудің сапалылығы мен ұтымдылығы;
- Креативті идеялардың аргументтілігі мен тиімділігі;
- Модельдің өзіндік ерекшелігі мен дәлелдердің нақтылығы.
- Қазылар алқасы (қосымша 3)
Жобаның бағалау өлшемдерін бекітеді, бағалайды. Жүлделі орындарды анықтап, жеңімпаздарды марапаттайды.
- Марапаттау
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталады. Байқау жеңімпаздары бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға әртүрлі номинациялар мен сертификаттар беріледі.
Оқушылары жүлделі орындарды иеленген мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталады.







