Конкурс «В мире IT»

23 февраля 2019 года в Назарбаев Интеллектуальной школе физико-математического направления г. Шымкент проводится конкурс проектов в области информационных технологий «В мире IT», по адресу г. Шымкент, мкр. Акжайык, уч. Элитный городок, строение 6. Тел.:8 (7252) 29 44 88, e-mail: info@fmsh.nis.edu.kz.
Авторские материалы, заявки на участие в конкурсе и тезисы выступления принимаются оргкомитетом не позднее 22 февраля 2019 года по электронному адресу: nisfmnsymkent@gmail.com.

«ІТ әлемінде» атты жобалар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

Осы Ереже ақпараттық технологиялар бойынша «ІТ әлемінде» атты жобалар байқауының (ары қарай — байқау) мәртебесін, міндеті мен өткізу тәртібін анықтайды.

  1. Байқауды жыл сайын Шымкент қаласының білім басқармасы мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырып, тұрақты өткізеді.
  2. Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ІТ саласына деген қызығушылығын  арттыру; оқушылардың ІТ дағдылары мен ақпараттық құзіреттілігін дамыту, жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында коммуникативтік байланыстарды қалыптастыру.

 

  1. Байқау қатысушылары

1.Байқауға жалпы білім беру мектептерінің 9-11-сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға бір  немесе бірнеше қатысушы (3 қатысушыдан артық емес) бір жоба жұмысымен қатыса алады.

2.Қатысушының өзімен бірге қажетті құрал-жабдықтары (баннер (паучок 1.8х0.8 м, автордың аты-жөні, мектептің атауы және жоба атауы), жоба жұмысының моделі, компьютерлік  бағдарламасы, роботы, т. б.) мен ноутбуктері болуы қажет.

 

  1. Байқаудың жұмыс органы

1.Байқауды дайындау мен ұйымдастыру жұмыстарын  Шымкент қаласының білім басқармасы мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымынының өкілдерінен  құрылған ұйымдастыру комитеті дайындайды (қосымша 1).

2.Ұйымдастыру комитеті байқаудың жалпы тәртібін анықтайды:

  • байқауға қатысуға үмікерлердің құжаттарын қабылдайды (өтініш, жұмыстың мәтіні, тезис);
  • қатысушылар тізімі мен бағдарламаны бекітеді;
  • қатысушылардың жобаларын белгіленген критерийлер арқылы бағалайды;
  • байқау жүлдегерлерін марапаттайды;
  • баспасөзде байқаудың өту барысы туралы жариялайды.

 

  1. Байқауды өткізу уақыты мен орны

1.Байқау 2019 жылдың 23 ақпанында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіледі. Байқауға қатысушыларды тіркеу 9.00-де басталады. Байқау сағат 10.00 – 14.00 аралығында өтеді.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық м.а., «Элитный городок» 6-шы құрылыс.         Тел.:8 (7252) 29 44 88, e-mail: info@fmsh.nis.edu.kz

2.Байқауға қатысу өтініштері, тезистер мен авторлық материалдар 2019 жылдың 20 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің  nisfmnsymkent@gmail.com   электрондық поштасына жіберілуі керек (қосымша 2).

Тіркеуден өткен жұмыстың авторына 2019 жылдың 21 ақпанына дейін электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.

Қосымша ақпараттарды келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

8(7252) 29-44-88, 8(775) 969-99-00, 8(702)463-43-23

5. Байқаудың секциялары:

  • Бағдарламалау;
  • Мобильдік бағдарлама;
  • Робототехника;
  • 3D модельдеу.

 

  1. «Бағдарламалау» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
  • Өзектілігі мен практикада қолданылуы;
  • Жобаның жаңашылдығы мен күрделігігі;
  • Жобаны дайындауда әртүрлі бағдарламалау ортасы мен бағдарламалау тілін қолдануы;
  • Алгоритмның күрделілігі мен шешу әдістері;
  • Қолданушы интерфейстің сапасы;
  • Бағдарламалау құрылымының күрделілігі.

 

  1. «Мобильдік қосымша» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
  • Мобильдік қосымшаны әзірлеу: тақырыптың өзектілігі, жобаның әлеуметтік маңызы; біртұтастығы; идеясы мен мазмұнының креативтілігі;
  • Жобаны қаматамасыз ететін ресурстардың жүзеге асырылуы мен шынайлығы;
  • 10 беттен көп емес MS Word форматындағы мәтін, 5-тен көп емес JPG үлгісіндегі цифрлық сурет, 5-тен көп емес кесте, график, диаграммалар;
  • Жобаны ұсыну әдебі.

 

  1. «Робототехника» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
  • Тақырыпқа сәйкестігі мен тәжірибе жүзінде қолданылуы;
  • Роботтың жұмыс істеу қабілеттілігі (Оқушының өзі құрастырған робот толықтыруды қажет етпейді);
  • Жобаның креативтілігі;
  • Роботтың дербес басқарылуы;
  • Шешімнің жаңашылдығы.

 

  1. «3D модельдеу» секциясы бойынша жобаға қойылатын талаптар:
  • Тақырыптың өзектілігі;
  • Орындалған модельдің сауаттылығы мен күрделілігі;
  • Инженерлік зерттеудің сапалылығы мен ұтымдылығы;
  • Креативті идеялардың аргументтілігі мен тиімділігі;
  • Модельдің өзіндік ерекшелігі мен дәлелдердің нақтылығы.

 

  1. Қазылар алқасы (қосымша 3)

Жобаның бағалау өлшемдерін бекітеді, бағалайды. Жүлделі орындарды анықтап, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

  1. Марапаттау

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталады. Байқау жеңімпаздары бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға әртүрлі номинациялар мен сертификаттар  беріледі.

Оқушылары жүлделі орындарды иеленген мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталады.