Ән байқауының нәтижесі жарияланды

NIS-тің «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұманбай Молдағалиевтің еңбектері насихатталуда. Жобаның мақсатына сай, жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны жаңғырту үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында дәстүрлі түрде өтетін Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндерді орындау ән байқауы өтті. Сайысқа еліміздің төрт Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, әнді жанды дауыста, сөзін түсінікті, нақышына келтіріп орындап, музыкалық сүйемелдеумен  (домбыра, гитара, баян, фортопиано, т.б., аспаптармен орындау) және сахна мәдениетін, әдебін ұстануда (киім үлгісін ұстану) өзара бақ сынасты.

 

Байқаудың нәтижесі бойынша, бас жүлдені Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 “Е” Амина Донбаева , I орынды Шымкент қаласы физика-математика және Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9 “D” сынып оқушысы Еркебай Құдайберген және CS “Dream Team” көп салалы клубының вокалисті 12 “Е” сынып оқушысы Дана Даирова иеленді. Жүлделі II орынды Қызылорда қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Сыр елі” триосы иеленсе, III орынға  Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің CS “Dream Team” Band ие болды.