Құрметті түлектер, оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар!

Бүгін — оқушылар үшін қимас, қымбат және ұмытылмайтын толқыныс пен тебіреніске толы күн!

Бүгін — күміс қоңырау үнінің мектеп қабырғасында соңғы рет соғылатын айтулы күн!

Сіздерді 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!

Ерекше сезімге толы күн cіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін биыл онлайн түрде өтіп, қашықтан күміс қоңырау үні соғылды. Алайда ештеңеге қарамастан мектебіміздің оқушылары оқу жылын ойдағыдай аяқтап, толағай табыстарға жетті, нәтижелі жұмыстарды еңсердік. Карантин кезінде «Дарын» республикалық оқу орталығы ұйымдастырған онлайн олимпидасына қатысқан 100-ге жуық оқушымыз жүлдегер атанды. Түрлі зерттеу жобаларында топ жарып, олимпиадаларда үздік шықты. 2019-2020 оқу жылын 56 7-8-9-11 сынып оқушысы үздік аяқтаса, 10-сыныптың 10 оқушысы «Қызыл» аттестатқа ие болды. 12 сыныптың 2 оқушысы «Алтын белгі» және 7 оқушысы «Қызыл» аттестат куәлігіне үміткер!

Құрметті, Жас түлек!

Биыл мектеп қабырғасынан 110 түлек ұшқалы отыр. Енді сіздер үшін балалық пен шалалық артта қалды. Мектеп өмірімен қош айтысып, жауапкершілігі көп өмір айдынына қанат қағасыздар. Бүгінде халықаралық және еліміздің алдыңғы қатарды оқу орындарының білім грантың жеңіп алған 30-дан аса студент атанып отыр. Алда сіздерді түрлі сын сағаттары күтіп тұр. Сол сынақтардан сүрінбей өтіп, білім алудан жалықпай, ел тізгінін ұстайтын елеулі азамат болатындарыңызға сенімдімін! Жарқын болашақ сіздермен бірге жасалады!

Жолың даңғыл болсын, жас түлек! Сәт сапар!

Ақ тілекпен Шымкент қаласы ФМБ НЗМ директоры
Қ. Абдрахманова