Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын қолдау мақсатында ұйымдастырылған  «Ұлы даланың ұландары» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Оқушылар өте құнды өлеңдер мен мазмұнды жыр шумақтарын ортаға салды. Шараның ерекшелігі сол қазақ тілінде ғана емес, ағылшын тілі, орыс тілдеріде өлеңдер өте керемет орындалды. Балалардың шығармашылығын шыңдауда мұндай игі іс-шаралардың берері мол екеніне тағы да көз жеткендей болды

Менің мәңгі жолдасым

Миллионның он жетісі осында,
Құшағына сыйдырған жүз отызын.
Мың тоғыз жүз тоқсан бірдің қысында
Азаттыққа қол жеткізді ұл мен қызың.

Жазирасы жайылған кең далама,
Алатаудан бастау алған бұлақтары.
Жыр арнамай көңілім бір толар ма?
Шөбі шүйгін, көк майса, құрақтары.

Туған жерім мөлдір аспан астындағы,
Қыран бүркіт самғай ұшқан қанат қағып.
Ыстық маған жерде жатқан тас мұндағы,
Көз тоймастай гүлдерің жанға жағып.

Жанға жағып барады самал желің,
Салқын кешің, жүрегімде салқын лебің.
Жерұйығым, жәннатым, туған елім,
Төгілуге дайын тұр маңдай терім.

Зеңгір тауым, тәтті, тұщы, ащы суым,
Рәміздерім, желбіреген көкте туым.
Әнұраным, елімнің елтаңбасы,
Елін сүйген, елі сүйген елбасы,
Туған жерім – менің мәңгі жолдасым.

Мұқағали атап өтсе үш бақытын,
Жұбан атам мың өліп, мың тірілді.
Елім үшін мен де қалыс қалам ба,
Қалам ұстап өткізейін бұл күнімді.

Ертеңнің де таңы атар, күні туар,
Аянбай еңбектенсем жолым ашық.
«Отаным» деп білім-ғылым жолын қуар
Болсам деймін нағыз қазақ азаматы,
Болашақтың баспалдағын,
Келешектің нық қадамын,
Анық басып, сәулесін, нұрын шашып.

Шахановтың өсиетін есте ұстап,
Тілімді қастерлеуді қолға алдым.
Мәңгілікті көркейтуге жаным құштар,
Адал, ыстық лебізімді қабыл алғын!

Әнуар Анел 10«А» сынып оқушысы
«Ұлы тау» шаңырағы

Казахстан

Есть в мире много разных стран,
Что повидать ты должен.
Но один лишь Казахстан
Для меня других дороже.

Твои земли, реки и моря,
Твои степи ,горы, ночи.
И затаив дыхание ,на все смотря
Не могу сомкнуть я очи.

О, Казахстан-ты родина моя!
Любимая , великая страна.
Тебе желаю только лишь добра,
Расти и процветай , любимая страна!

Рамедов Муслим  8”d” сынып оқушысы
«Алтай» шаңырағы

Туған жерім

Туған жерім, қазақ елім, кең далам,
Бейбіт елім, құт дарыған ен далам.
Желбіреген көк туы бар көгінде,
Бақыттымын, сен Отаным, мен балаң.

Қандай жақсы бейбіт елде күн кешкен,
Асыр салып, ойнап-күліп күн өткен.
Ата-анамның құшағында маужырап,
Таң атырып, күн батырған күйде өскен.

Кейбір ел бар балалвры аш-құрсақ,
Көргендері зор-зомбылық, сан соқпақ.
Балалары анасынан айрылып,
Аналары балаларын жоқтамақ.

Бағалайсын сондай кезде бақытты,
Тәтті өмір, балалық кез, шаттықты.
Сол себепті тырысамын арнауға,
Күш-қайратты, келер өмір шағымды.

Мың алғысым осы күнге жеткізген,
Бар теңдікті, бейбіт заман кешкізген.
Тағзым етем батырлар мен данаға,
Осы күннің келеріне сенгізген!

Нұршарып Данияр 8 «G» сынып оқушысы
«Оқжетпес» шаңырағы

Отан-қасиетті мекен!

Мен туылған қасиетті елді мекен,
Сәби кезден тұғырым ойнап келген,
Бұл өмірде шын бақыт не болады?
Әрине, бұл-Отаның туып-өскен.
Ата-бабам бұл жерде өмір көрген,
Қызық көріп,тату-тәтті өмір сүрген,
Гүлді дала,асқар тау,асу белдер,
Бұл менің Отанымның сәні екен.
Түркі халқының бесігі атанған жер,
Қыпшақтар бабамыз ғой,біз мұрагер,
Керей менен Жәнібек құрған елден
Қанша дана,көреген,батыр өткен.
Ресейге біз қолшоқпар болған кезде,
Тәуелсіздік үшін қазақ қаның төккен,
Өз елінің басшысы,патриоты,
Әлихандай,Ахметтей боламын мен.
Әй,досым,бағалашы,бағалашы,
Бұл сөзді әншейін деп санамашы,
Ертең сенен “Отан не?” деп сұраса,
Не айтуды білмей,жерге қарамашы.
Қазақ болып туылғаныма қуанамын,
Менен басқа жоқ шығар бақытты жан,
Әлемге көп танылып,топты жарған,
Бұл шырайлы,бірлігі бар Қазақстан!
Тарихы бар,әні бар,
Көз көрмеген сәні бар,
Байлыққа толған жері бар,
Ең бастысы бұл жерде
Ынтымақты халық бар,
Осы сөзде шындық бар,
Сенбесең бәрін тексер,ал.

8 “C” сынып оқушысы Кенжалы Ернур
«Көкшетау» шаңырағы

Алтын ұя, Назарбаев мектебім

Алтын ұя, Назарбаев мектебім,
Сен сыйладың өмірімнің көктемін.
Сенен ұшсам өмірімнің жазына
Демек, мен де сенде жүріп, көктедім!

Елбасы елімізге жолдаған,
Рухани жаңғыруды аңсаған.
Болашаққа бағдар болған бастама,
Назарбаев мектебінен басталған.

Ұстаздарым, ой-өрісі жаңашыл,
Шәкірттерге әрдайым боп жанашыр.
Сүріндірмей білім, ғылым жолында
Өрендердің өркендеткен санасын!

Өнер, білім, мамандықты таңдаймыз,
Арман қуып биіктерге самғаймыз!
Қайда ұшсам да бетке тұтар беделім,
Назарбаев Зияткерлік мектебім!

Жолдасбек Әсел Ерланқызы 10 «F» сынып оқушысы
«Жайық» шаңырағы

Туған жер! Неткен керемет ең!

Туған жер! Неткен керемет ең!
Көп елмен бүгінде терезең тең!
Кең байтақ, киелі атамекен,
Ер жүрек батырлар мекен еткен.

Астанам-бас қалам, мақтанышым,
Алматым-алмалы бақтарымсың.
Ерекше атаққа ие болған
Шымқалам шырайлы шаһарымсың.

О, менің рухани, дана қалам,
Кесенең әлемді таң қалдырған.
Яссауи бабамның рухы қолдап,
«Түркістан облысы» боп жаңарған.

Көкшетау төрінде Бурабайым,
Мақтанам ерекше туған айым.
Тастары Көкшенің таңғажайып,
Арқаның кербезі, жанға жайлым.

Туған жер, көркіңе мен тоймаймын.
Жырласам өзіңді, тоқтамаймын.
Тізбектеп, бар өңірді айтар болсам,
Сірә, мен дәл бүгін біте алмаймын!

Жолдасбек Әсел Ерланқызы 10 «F» сынып оқушысы
«Жайық» шаңырағы