Құжат қабылдау жалғасуда

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.⁣⁣

⁣⁣

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.⁣⁣

⁣⁣Қажетті құжаттар тізімі:⁣⁣

Конкурсқа қатысуға өтініш және сауалнама (қабылдау комиссиясында толтырылады)⁣⁣

Үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;⁣⁣

Үміткердің ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;⁣⁣

Үміткердің 5 сыныпты аяқтағаны туралы жылдық табельдің және 6 сыныптың І/ІІ тоқсанын аяқтағаны туралы табельдердің көшірмесі; (табельде мектеп директорының қолы және білім беру ұйымының мөрі болуы қажет)⁣⁣

Үміткердің 3х4 және 1 мб форматындағы 1 дана электронды фотосы немесе қабылдау комиссиясы тегін фотоға түсіреді;⁣⁣

Құжаттарды сақтайтын пластикалық файл папкасы;⁣⁣

⁣⁣

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:⁣⁣

дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін⁣⁣

7 қаңтар – мейрамға б/ты демалыс күні⁣⁣

⁣⁣

Тестілеу 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.⁣⁣

⁣⁣

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.⁣⁣

⁣⁣

Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты

fmsh.nis.edu.kz сайтынан көруге болады.⁣⁣

 

Құжат қабылдау мекен — жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық ы/а, элит қалашық 6