ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ МАСАЧУСЕТС ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ШЫҢДАУДА

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал, озық үлгідегі оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Өзара жасалған келісім шарт нәтижесінде ортақ түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, MISTI Global Teaching labs.
Масачусетс техникалық институтының екі студенті жоба аясында тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қаласы ФМБ НЗМ-нде мектебімізге қонақта.

Масачусетс техникалық институтының 1,2- курс студенттері Кинан Мартин мен Сатлэй Джейн мектебімізде 3 апта бойына іскерлік тәжірибеден өтеді. Қос шетелдік студент оқушыларға ағылшын тілінен дәріс береді, сабақтарға қатысады, ой-піКірлерімен бөлісІП, ЕЛІМІЗДІҢ білім берудегі ерекшеліктерІ мен өзгешеліктерІ туралы ақпарат алады. Өзара тәжірибе алмасады.

Қонақтарды қарсы алған мектеп ұжым қазақ елінің салт-дәстүрімен таныстыруды бастап кетті. Мәселен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қазақтың ұлттық ойындары жайлы кеңінен ақпарат берсе, оқушылар тоғызқұмалақ ойынының ережелерін түсіндіріп, достық кездесу өткізді.